Қазақстандықтардың меншігінде қанша жеке яхта мен ұшақ бар?

2618
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/be036be4-a8ba-4317-a85e-63fe8fc536c2.jpeg

Қазақстандықтардың ішінде жеке тұлғалардың меншігінде – 490, ал заңды тұлғалардың меншігінде 176 яхта тіркелген. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі жария етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Яхталар мен жеке ұшақтар шектеулі адамдар тобында ғана бар. Жеке тұлғалардың меншігінде – 490, ал заңды тұлғалардың меншігінде 176 яхта, жеке тұлғалардың

меншігінде 248 ұшақ, заңды тұлғалардың меншігінде 665 ұшақ бар, - делінген ведомство ақпаратында.

Осыған байланысты құжатта: «Халықтың бай топтары халықаралық тәжірибеге сәйкес бағалы тауарларға көбірек салық төлеуі керек» деп жазылған. Атап айтқанда, бұл мәселенің шешімі ретінде сән-салтанат салығын енгізу ұсынылып отыр.

Comments