Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт өмірден озды

2941
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/izobrazhenie_2023-09-20_152236520.png
Белгілі жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Тұрлыбек Мәмесейіттің өмірден өткені айтылды, деп жазады "Адырна" порталы. Әдебиет әлемі үшін қаралы хабарды Дәулеткерей Кәпұлы Facebook парақшасында есітті. 
Тұрлыбек Мәмесейіт - 1949 жылы 17 ақпанда Хантәңірі қойнауындагы (Алматы облысы, Нарынқол ауданы) Текес өңірінде дүниеге келген.
2008 жылдан Астана-Полиграфия АҚ Баспа басқармасының Бас редакторы болды.
«Тоғысқан толқын», «Зерделілік айнасы», «Дидар» атты әдеби сын, «Беторамал», «Түсіме тау кіре ді», «Бесік пен несіп», «Плач охотника», «Әулие-шоқы», «Тектіні кегі», «Тау», «Қарқара көтерілісі», «Жасын түскен маусым» атты әңгімелер, хикаяттар мен повестер жинағының, «Таңжарық» романының авторы.
"Адырна" ұлттық порталы
Comments