Димаш Құдайберген Коста-Риканың танымал телеарнасына шықты

2276
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/e31df178c885404e8e1c4424348d7b8c.jpeg

Коста-Рикадағы танымал телеарналардың бірі алғаш рет қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген туралы хабар көрсетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың 4 қазанында Коста-Риканың ең танымал телеарналарының бірі Multimedios CR алғаш рет Димаш Құдайберген туралы бағдарлама шығарды. Эфирде жүргізушілер телекөрермендерді қазақстандық әртістің өмірбаянымен таныстырып, оның S.O.S әнін орындағанын көрсетті, - делінген хабарламада.
Multimedios өз бағдарламаларын тек Мексикада ғана емес, Коста-Рикада, АҚШ-та және Испанияда таратады.
Коста-Рикада көп адам оның керемет музыкасы мен әдемі дауысын естуі - біз үшін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында сүйікті әртістің жұмысын таратудың басы ғана, – деп бөлісті Коста-Рикадағы Dears жанкүйерлері.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments