Шахматтан командалық бәсекеде қазақстандық шахматшылар шешуші 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, 3-орынға ие болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Шахматшы арулар – Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Жансая Әбдімәлік, Динара Садуақасова.
Көрсеткіш бойынша:
Қытай – 17 ұпай (8 жеңіс, 1 тең)
Үндістан –v 15 ұпай (7 жеңіс, 1 тең, 1 жеңіліс)
Қазақстан – 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең, 2 жеңіліс)
9-тур бойынша шахматшыларымыздың статистикасы:
Динара Садуақасова – 5 жеңіс, 3 тең.
Жансая Әбдімәлік – 3 жеңіс, 5 тең.
Бибісара Асаубаева – 4 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс.
Меруерт Камалиденова – 6 жеңіс, 3 жеңіліс.
Алуа Нұрманова – 3 жеңіс, 1 жеңіліс.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2006 жылы Мұртас Қажғалиев жылдам шахматтан чемпион атанған еді.
«Адырна» ұлттық порталы
Related news
Those who are switching their car to gas should not forget that it will also become more expensive. Almasadam Satkaliyev