Қапшағай маңында магнитудасы 4,4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы (СӘМ) мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOME» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 16 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 13.32-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 64 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. Магнитудасы MPV 4.4 балдық, - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің ошағы Қапшағай су қоймасынан оңтүстікке қарай 15 шақырым тереңдікте орналасқан.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival