Түркістанда бес жастағы бүлдіршінді балабақша көлігі қағып кетті

2672
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhedel-zhәrdem-kөligi-960x500.jpg?token=7943968fbba253290797b72ecf880c88
Түркістанда балабақша көлігі бес жастағы бүлдіршінді басып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қайғылы оқиға 20 қазан күні сағат 17:32-де болған. Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. "Кеше кешкісін баланы развозканың көлігі балабақшадан әкеп тастаған. Әкелгеннен кейін бала түсіп, әдетте көліктің алдынан өтетін. Көліктің есігі жабылғаннан кейін 5-10 секундқа жетпей, көлік ары қарай жүріп кеткен. Дәл алдындағы баланы мыжып өткен. Біраз жүргеннен кейін көлікті көршілер тоқтатқан. Ол кезде бала жан тапсырған. 2,5 тонналық көлік үстінен өтіп кеткен", – дейді баланың туысы. Жүргізушінің баланы қаққан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көршілерінің көлікті қалай тоқтатқанын көруге болады. Әкімдік хабарламасында: "Аталған факт 20 қазан күні ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігінде көрсетілген (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян әкеп соққан) қылмыстық құқықбұзушылық белгілермен сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген.
Comments