Антикор экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

3228
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/photo_116922-960x500.jpeg?token=c4afac4cfb6c3edd33f363128be14105
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі М.Бекетаев екенін растаймыз. Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды,  делінген хабарламада.
Еске салсақ, 21 қазан күні Антикор бұрынғы Әділет министрінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлап, нақты аты-жөні аталмаған еді.
Comments