Бас министр ТМД және ШЫҰ үкімет басшыларымен кездесу үшін Бішкекке барды

2139
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-25_231721957.png
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтік деңгейдегі бірқатар ірі іс-шараларға қатысу үшін Бішкек қаласына (Қырғызстан) жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.  Осылайша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды күшейту шаралары талқыланады. ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда. Олардың қатарында геодезия және картография саласындағы өзара іс-қимыл, тауарларды сертификаттау және кедендік декларациялау, түрлі салаларда кооперация жобаларын жүзеге асыру, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен қадамдар бар.
Comments