Елорданың кей аудандарында жарық сөніп, тұрғындар сусыз қалды

2224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/5b01a0ad-278e-41ec-bf39-613df959bd7b.jpeg
Астана жарықсыз және сусыз қалды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. Ведомствоның хабарлауынша, «Астана-Энергия» 2 ЖЭО-да қысқа тұйықталу салдарынан генерацияның азаюы орын алып, бас қалада жарық сөнген. Салдарынан су өшіп, көлік кептелісі де пайда болған. «2023 жылғы 29 қазанда сағат 21:58-де 110 кВ әуе желісінің қалалық сақинасының бойында апаттық өшіру орын алды, себебі анықталуда», - делінген хабарламада. Астана әкімдігінің баспасөз қызметі қалада электр қуаты шамамен жарты сағаттың ішінде қалпына келтірілетінін хабарлады. 
Comments