Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Министрліктің мәліметінше, институт Каспий теңізінің экологиялық және су деңгейінің төмендеу мәселелерін, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, ихтиофаунаны, акваториясы мен Каспий жағалауын зерттейтін болады.
Мемлекет басшысы кешенді іс-шаралар қабылдау үшін Маңғыстау облысында Каспийді зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды. Институт құру - мәселені жан–жақты зерделеуге, ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Related news