Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі елдері үшін ортақ әліпби жасау туралы бастама көтерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, түркі елдері жаһандық дағдарыстарға қарсы тұру үшін бірге болуы керек. Бұл мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланыстарды да нығайтады.
«Бірлігіміз үшін тілдің, ортақ әліпбидің маңызы зор. Президенттердің қолдауы да өте маңызды. Біздің жоғары білім беру кеңесі ұйымның хатшылығына өз ұсыныстарын берді. Олар жоғары бағаланады деп үміттенеміз», - деді Түркия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммитінде.
Related news
"Let Russia not forget that we also have nuclear weapons!" - The Prime Minister of the United Kingdom voted for Putin