Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі теннис федерациясына сілтеме жасап.
Жұптық сында жерлесіміз Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінде жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы қытайлық Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) қарсы бәсекеге түсті. Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына есе бермей, есеп 6:0 болды.
Ал екінші сетте белоруссиялық-ресейлік жұп жақсы ойын көрсетіп, есеп 6:2 болды. Шешуші сәтте Құламбаева мен Синьюй жеңісті қолдан жібермеді. Ойын 10:7 есебімен аяқталды.
Жібек жұптық сында жеңімпаз атанды.
Related news
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge
A public discussion will be held in Almaty regarding the construction project of the nuclear power plant