Газа секторының солтүстігінде 400 мың адам қалған - АҚШ

2338
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/63bee263-2e56-40eb-b115-1da3b41089cb-960x500.jpeg?token=8718ba01d644e0f4f4e39240b1419905
Газа секторының солтүстігінде 400 мың адам қалғаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ВВС-ге сілтеп.  Израиль барлық тұрғындарды эвакуациялауға шақырған Газа секторының солтүстігінде әлі 400 мыңға дейін адам бар. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Таяу Шығыстағы гуманитарлық мәселелер жөніндегі арнайы елшісі Дэвид Саттерфилд айтты. Соңғы бірнеше аптада Израиль Газаның солтүстігіндегі тұрғындарды оңтүстікке қоныс аударуға шақырған болатын. Себебі оңтүстік қауіпсіз аймақ деп жарияланды. Содан бері Солтүстік Газа Израильдің тұрақты әуе бомбалауы мен жердегі шабуылдарының нысанасына айналды. Иордания астанасы Амманда журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Саттерфилд 800 мыңнан миллионға дейін адам оңтүстікке қоныс аударды, ал 350 - 400 мың адам анклавтың солтүстігінде қалды деп мәлімдеді.
Comments