Павлодар облысында 55 жастағы ер адам жүк көлігінің астына түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Омбы-Майқапшағай тас жолының 340-шақырымында Scania автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 55 жастағы жаяу
жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар облысының полиция департаменті.
Көлік уақытша ұстау изоляторына қойылды.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз