ҰҚК экс-президент Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі мүмкін

2463
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/nazarbaev-960x500.jpg?token=180aa641303c5ff58a46d24af6873eb9
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТаг агенттігіне сілтеме жасап. ҰҚК міндеттерінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді алып тастау және Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қалдыру жоспарлануда. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы" 2023 жылғы 13 ақпандағы ҚР Конституциялық Заңы "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" 2000 жылғы 28 шілдедегі ҚР Конституциялық заңының күшін жойды.  
Comments