Алматыда 22 жастағы жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап кетті. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 19 қараша күні таңғы сағат 07.00 шамасында болған.
Алматы полиция департаменті 2001 жылы туған жігіттің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталуда, - делінген хабарламада.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared