Дариға Назарбаеваның күйеуі басқарған QazaqGaz компаниясының қызметкерлері ұсталды

2131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/mycollages-5.jpg
Petrocouncil.kz салалық басылымы QazaqGaz ұлттық компаниясы жүйесіндегі топ-менеджерлерді тінту мен ұстау туралы хабарлайды, деп жазады "Адырна".  «21 қарашада QazaqGaz жүйесіндегі топ-менеджерлерді тінту және ұстау жүзеге асты. Осылайша орталық аппарат басшысы мен еншілес компания «Қазтрансгаз-Өнімдері» ЖШС басшысы мән-жай анықталғанша қамауға алынды. Тінтулер орталық аппараттың басқа бөлімдерінде де жүргізілді», - делінген сәрсенбі күні. Еске салайық, 2022 жылдың жазында QazaqGaz-да 1 триллионға жуық заң бұзушылық анықталды. Компанияны бұған дейін Дариға Назарбаеваның күйеуі саналатын Қайрат Шәріпбаев басқарған. Ол қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кетіп, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевты жерлеу рәсіміне қатысқан кезде тағы да жұртшылықтың назарына ілікті.
Comments