Алматыдағы хостелдегі өрттен кейін 56 адам мектепке уақытша орналастырылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазір 56 адам жақын маңдағы мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ беріліп, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетілуде, - делінген хабарламада.
Үш адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Еске сала кетейік, бүгін, 30 қараша күні таңғы 05:33-те Алматыда хостелдің жертөлесінен өрт шыққан болатын. Құтқарушылар 13 адамның мәйітін тапқан.
Related news
Father, every word you say is the voice of the nation: exactly one year has passed since the death of Dulat Agadil's son, Zhanbolat.