Әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевқа ресми түрде айып тағылды

2016
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/84ece347-81b3-4807-9387-bd5e120856f8-960x500.jpeg?token=700196bf4c4b68bf7d5b59e78db9d996

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты Қуандық Бишімбаевқа ресми түрде айып тағылды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты «Аса қатыгездікпен өлтірген» деген айыппен іс қозғалды.

«Бишімбаевқа қатысты «Аса қатыгездікпен өлтірген» деген айыппен іс қозғалды. Оның туысы ағасы немесе інісі

де қылмысты жасырғаны және полицияға хабарламағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.  Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында болған.

Comments