Астанада жедел медициналық қызмет көрсету станциясының басшысы ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөзіне сілтеме жасап.
«Иә, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысын ұстағанын растаймыз», - делінген хабарламада. Антикор станция бастығының директор екенін растады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді. Астана әкімдігінің қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының сайтында оның директоры Мұрат Оразбаев екені айтылған.«Адырна» ұлттық порталы
Related news
After the noise. A new temporary head has been appointed to the "Shanyrak" children's village institution
Sholpan Korganbek dedicated the song to the great poet, philosopher-humanist, composer Abay Kunanbayev