Олигарх, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оның орнына жаңа басшы келді.«Мағзұм Мирзағалиев «KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып сайланды. Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен KAZENERGY кеңесінің жеке отырысында қабылданды», - деп жазды қауымдастықтың баспасөз қызметі.Айта кетейік, «KAZENERGY» мұнай-газ секторындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылған еді. Бүгінгі таңда қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді.
Related news
Today, representatives of the mass media got acquainted with the work of the republican election headquarters of the "AMANAT" party