Бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
8 желтоқсан күні Ақтөбе Полиция департаментіне "Аяла" бейімдеу орталығының тәрбиешісі хабарласып, үш қыздың түнгі 23:00 шамасында терезені сындырып қашып кеткені туралы хабарлаған.
Тәртіп сақшылары мен еріктілер іздеу жұмыстары нәтижесінде жергілікті бейімдеу орталығынан қашып кеткен 2006 жылғы үш қызды тапты.
Кәмелетке толмаған Мырзакенова Манар, Тезекбаева Амина және Дошонова Жұлдыз есімді қыздар Ақтөбедегі жалдамалы пәтерден табылды. Қазір олар полиция бөлімшесінде.
Related news
Within the framework of the "Clean Kazakhstan" program, environmental activities continue in Akmola region
