Ауғанстанда жер сілкінді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Жер сілкінісінің магнитудасы 5.4, ал тереңдігі 30 км. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 917 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Ауғанстанның Ұлттық сейсмология орталығы да жер сілкінісі туралы ресми хабарлады. Олардың мәліметтері бойынша, магнитудасы 4.8 баллды құраған екен.
Сейсмология орталығы ұсынған картада Ауғанстанның астанасы Кабул маңында жер сілкінісі болғанын көруге болады. Құрбандар мен ғимараттардың қирауы туралы мәліметтер жоқ.
Еске сала кетейік, осы жылы 7 қазанда Ауғанстанда магнитудасы 6,2 жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Related news
A Chinese company is planning to establish a facility in our country to manufacture human-like robots
A person born a traitor...". The Georgian airline has banned the country's president from boarding the plane