Бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Полицияның мәліметінше, ол Алматы қаласындағы Абай даңғылы мен Масанчи көшесінің қиылысында түнде жалғыз кетіп бара жатқан қыздардың қолынан ұялы телефондарын тартып алған. Қазіргі таңда Алмалы және Бостандық аудандарынан 14 адамнан арыз түскен.
Related news
Ursula von der Leyen Congratulates Tokayev on the Discovery of a Major Rare Metals Deposit in Kazakhstan