Алматы полицейлері «сәнденген» көлік иелеріне айыппұл салды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, тәртіп бұзушылар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. «Mercedes-Benz және BMW автокөлігі жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталды, Олар өз көліктерін сәндеп, осылайша ӘҚБтК - нің 590-бабының 7-бөлігінің нормаларын бұзды. Сонымен қатар құқық бұзушылардың іс - әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері де байқалды», - делінген хабарламада. ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігіне айыппұл 15 АЕК көлемінде, ал 595-баптың 1-бөлігі 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты.«Адырна» ұлттық порталы
Related news