Ақтауда жаңа жылдық шырша құлап қалды

3499
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/photo-output-19.jpeg

Ақтауда қатты соққан желдің салдарынан амфитеатр жанында орнатылған жаңа жылдық шырша құлап қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Желдің екпіні секундына 15-25 метрге жетіп, салдарынан қаланың бас шыршасы құлап қалды. Мамандар жел басылған соң шыршаны қайта орнатады», — деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов амфитеатр аумағының айналасында құрылыс алаңдары немесе ғимараттар болмағандықтан, желдің екпіні қатты сезілетіндігін айтты.

https://youtu.be/fADmiGL21E4?si=0DuRLVETL21xSAIw
Comments