COVID-19 ауруымен ауырған науқастар саны артып келеді

1760
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/kovid-960x500.jpg?token=4be44db4d5f85e75043ec6bf5b4d847c

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейюс көптеген елдерде бірнеше аптадан бері дертке шалдыққандар санының артуына байланысты барлығын бетперде киіп, COVID-19-ға қарсы екпе алуға шақырды, деп хабарлайды "Адырна” ұлттық порталы.

«COVID-19, тұмау және басқа да қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулардың саны көптеген елдерде бірнеше апта бойы өсуде және соңғы мерекелерден кейін де жалғасады деп күтілуде», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. Осыған байланысты ДДС басшысы барлығын COVID-19-ға вакцинациядан өтуге және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырды. Желтоқсан айының соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 ауруының 28 күн ішінде алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 52 пайызға өсіп, 850 000 жағдай тіркелгенін хабарлады.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments