Атақты футболшы Марио Загалло өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Марио Загалло төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы. Ол бапкер ретінде шәкірттерді де шыңдаған. Атақты футболшы 92 жасында өмірден өтті.
Ол 1958 және 1962 жылдары әлем чемпионы атағын алған.
Спортшының өмірден өткені туралы алғашқылардың бірі болып Бразилия футбол конфедерациясы хабарлады."Марио Загалло футбол әлемінде өз өрнегін қалдырды. Ойыншы ретінде жанкүйерлердің жылы ықыласына ие болса, бапкерлік қызметінде жемісті еңбек етті", — деп жазылған Бразилия футбол конфедерациясы таратқан хабарламада.
Related news
OMIR SYNYBEKULY: If the head of state does not take care like Konayev himself, the danger will increase...