Қазақстанда тіркелген Boeing 737 MAX ұшақтары қолданыстан алынбайды. Бұл туралы Қазақстанның азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазақстанда Boeing 737-9 MAX ұшағының 5 данасы тіркелген, бәрінде ұшуға жарамдылық сертификаты бар. FAA ұшуға жарамдылық жөнінде шұғыл директива шығарды (51.02.2024). Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX пайдаланушыларына қолданылады. Бұл директива орташа кабинаның апаттық шығу люгі орнатылған кез келген санатта сертификатталған Boeing компаниясының B737-9 үлгісіндегі әуе кемелеріне қолданылады» деп мәлімдеді комитет.
Қазақстанда тіркелген әуе кемелерінде апаттық шығу люгі емес, есігі пайдаланылады, демек директиваның еліміздегі әуе кемелеріне қатысы жоқ.Related news
Residents of Almaly district submitted 42 applications for the project "Budget with People's Participation".