Бұрынғы сенатор, бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұрынғы қол астындағы қызметкері «Қорғас ісі» бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеме жасап.
"Кеше, 8 қаңтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментінің бұрынғы қызметкері Кенжебай Жұмабеков "Қорғас ісі" бойынша қатысушы әрі орындаушысы ретінде қамауға алынды", - делінген хабарламада. Дереккөздің айтуынша, Жұмабеков қаржы полициясының бұрынғы агенті, Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталушы, «Бетон» лақап аты бар Талғат Махатовтың жақын досы. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 11 желтоқсанында Қожамжаровтың қол астындағы қаржы полициясының бұрынғы қызметкері Ұлан Мәдиев «Қорғас ісі» бойынша күдікті деп танылған қыздардың зорлануына байланысты ұсталған болатын. Материалдарда Мәдиевтің, қаржы полициясының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Талғат ТатубаевтыңRelated news
"Адырна" ұлттық порталы