Алматы әуежайы қызметкерлеріне қатысты есірткі ісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеме жасай отырып.
"ҰҚК Алматы әуежайының қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1 және 3-тармақтары (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Айта кетейік, ҰҚК осы іске қатысты Алматы халықаралық әуежайы әкімшілік департаменті басшысының орынбасары, түрік топ-менеджері Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпаратты растамады. Ал 28 желтоқсанда Алматы әуежайының екі түрік топ-менеджері - коммерция жөніндегі аға вице-президент Йеткин Четин Пакер және бірінші вице-президент Фатих Өмур қызметтерін күтпеген жерден тастап кеткенін хабарлаған болатын. Кейін Алматы әуежайы бұл ақпаратты растады.”Адырна” ұлттық порталы
Related news
In the Almaty region, the volume of investments in the field of tourism amounted to 9.9 billions tenge
Construction and infrastructure development projects are being intensively implemented in Syr region