Қазақстанда 326 лото клуб қызметіне тосқауыл қойылды

2507
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/6640bcca-fadc-4018-b6ff-f4fa84032966.jpeg
Қазақстанда 326 лото клуб қызметіне тосқауыл қойылды. Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен лотерея клубтарының атымен жұмыс істейтін заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісін жойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақпаратқа сәйкес, ең ауқымды арнайы операцияға ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды.  Операция барысында полицияға 400-ден астам адам жеткізілді.  Сондай-ақ, Республика бойынша лото клубтарға 570 тінту жүргізілді. 23 бірлік атыс және травматикалық қару, 247 млн теңге, 55 млн Ресей рублі, 125 мың АҚШ доллары, компьютерлік техника, мобильді құрылғылар тәркіленді.   
Comments