Елімізде бір жылда 69 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған

1860
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/501b40ca-32a5-4f29-a17d-a57401959fa3-960x500.jpeg?token=aa3c239c80eb1715587bfbd9a67d9a7b
Қазақстанда отбасылық жанжал салдарынан 69 әйел қайтыс болған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Былтыр елімізде отбасындағы ұрыс-керіс салдарынан 69 әйел мен 7 бала көз жұмған. Бұл деректі ҚР Сенат депутаты Жанна Асанова хабарлады.
2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2 452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды, - деді депутат.
Депутаттың сөзінше, Сенаттағылар Үкіметке мәселеге қатысты сауал жолдаған. Депутаттар ұсынған заң жобасында зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Одан бөлек, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау да қамтылған.
Comments