Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

4378
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/zher-silkinisi-960x500.jpg?token=d617f0b257f4746dd28db53dc24da020

Сейсмологтар 30 қаңтарға қараған түні Алматыда 2 рет жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жер асты тербелістерінің ошағы Қытайда болған. Бірінші жер сілкінісі, сейсмологтардың айтуынша, 30 қаңтарда Алматы уақытымен 03:03-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,5. Магнитудасы MPV - 4,5. Пайда болу тереңдігі – 10 шақырым. Екінші жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 04:27-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,3. Магнитудасы MPV - 5,8. Пайда болу тереңдігі – 10 шақырым. Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат Алматы қаласы бойынша – екі балл.

“Адырна” ұлттық порталы

 
Comments