Қасқырға қой бақтырған. Полицейлер "Қаңтар оқиғасынан соң қайтарылған қаруды сатқан"

2824
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/img_8495.jpeg
Алматыда полиция қызметкерлері Қаңтар оқиғасынан кейін қайтарылған атыс қаруларын ұрлаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Алматы қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша бұрын тәркіленген 27-ден астам атыс қаруын сатқан. Полицейлердің бірі қашып кеткені хабарланды. Сонымен қатар, аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-тармағының 4-бөлігінің 362-бабымен (билік немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану) бойынша № 247569031000004 санымен Алматы қаласы ТЖД ӨҚБ тіркелді», - делінген хабарламада.  
Comments