“Диктатордың ақыры”. Ербосын Мелдібековтың жеке көрмесінде Назарбаевтың мүсіні қойылған

2030
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/10286f02-1bc1-44be-96fc-0f19d2584ac9.jpeg

Бүгін, 1 ақпан күні сағат 18.00-де Алматыда Әскер үйінің Мәрмәр залында қазақстандық алғашқы интернационал суретші Ербосын Мелдібековтің «Боран – Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс жолының арасы» атты жеке көрмесінің ашылуы болды.

Көрмеде Ербосын Мелдібеков бірнеше жыл бұрын «Орталық Азия – ғарышта еш мақсатсыз қалқып жүрген ескі, сынық, тот басқан «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған ғаламшараралық «Боран»

кемесінің дәл өзі деген метафораны тұжырымдаған.

«Боран – Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс жолының арасы» көрмесі – суретші идеяларының көрнекі дамуы, оның іргелі көркемдік ойының жиынтығы, өйткені қысылтаяң уақытта тек принципті тұжырымдар талап етіледі және қабылданады.

Сондай-ақ, мүсіншінің көрмеде Назарбаевтың мүсіні бейнеленген “Диктатордың ақыры”  туындысы көрсетілген.

Comments