Ауа райының салдарынан. Екатеринбург-Алматы тас жолында 11 көлік соқтығысты

1853
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/4906d320-e240-4319-91aa-fed119caa25b-960x500.jpeg?token=67a7afe9b06c2476489e3e2d5a0cc255
Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолда көліктер бір-бірімен соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Үлкен жол апаты ауа райының қолайсыздығынан болған. Екатеринбург-Алматы тас жолында 11-ге жуық көлік соқтығысты. Апатқа ұшырағандардың ішінде жүк көліктері де бар. Апаттан қайтыс болғандар туралы дерек тіркелген жоқ. Бірақ бес адам зардап шекті.
Comments