Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

1715
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/36481f44-0cf9-46ae-86d3-d105758588a6-960x500.jpeg?token=d29ee6a0dc6b5c2adadd7e78505ddba6
Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты. Қызыл жалыннан 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Petropavlovsk.news-ке сілтеп. Басылымның мәліметінше, оқиға 3 ақпан күні болған. Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде түтін шыққан. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі зардап шеккен бір адам екенін хабарлады. Өрт сөндірушілер пәтерден 1957 жылы туған ер адамды алып шыққан. Өрт түтінінен уланған және термиялық күйік алған ер адам ес-түссіз жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Comments