Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысы ұзаққа созылып кеткен төрт жолды биылдан қалдырмай пайдалануға беруді тапсырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айтуынша, бүгінде "Астана-Балқаш-Алматы" тас жолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Оның құрылысы 2017 жылдан бері жүріп жатыр.
"Республикалық маңызы бар "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Талдықорған-Өскемен" жолдарының жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты. Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент осы салада қалыптасқан тәжірибеге де тоқталды. Республикалық маңызы бар жолдардың тендерін көп жағдайда тек шетел компаниялары ұтып алады.
"Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Сонымен қатар жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек", - деп атап өтті Тоқаев.
Сонымен қатар, ол республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керегін айтты.
Lavrov's hopes were not fulfilled. Tajikistan openly said that there was no way to the Eurasian Economic Union
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.