"Жағдайы ауыр". Өртке оранған дөңгелек цехында зардап шеккендер бар

2142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/f4178ecc-6b00-41f6-b9f6-d453e2795e9b-960x500.jpeg?token=37349c62eec5b9be367285846b6d26c4
Өртке оранған цехтан зардап шеккен екі шетелдіктің жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Ақтаудағы көлік дөңгелегін жөндеу цехында өрт болған еді.
Маңғыстау облыстық ауруханасының қызметкерлері науқастардың жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.
"Өрт кезінде зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөліміне жатқызылды. Толық мән-жай тиісті шаралардан соң белгілі болады", - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Ақтаудағы 28а шағын ауданында көлік дөңгелегін жөндеу цехында өрт шығып, салдарынан Өзбекстан Республикасының екі азаматы зардап шеккен еді.
Comments