Семей қаласында жаппай апат болып, барлық ауданда жарық өшіп қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Энергетика министрлігі шаһарда электр қуатына қатысты мәселелердің туындағанын мәлімдеді.
«Сағат 13:30-да «KEGOC» АҚ желілерінде электр қуатының үзілуі салдарынан Семей қаласында да жарық өшті. Сағат 13:45-те электр қуаты қайта берілді»,—делінген хабарламада.
Қазіргі таңда жергілікті БАҚ электр жарығы қалпына келгенімен, аудандардың басым көпшілігінде су әлі қосылмағанын жазуда.
Related news
"Double gold" in the basket. Kazakhstan's youth national team won the World Weightlifting Championship