Алматыда көпқабатты үйлердің бірі өртенді. 17 адам эвакуацияланды

2890
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/izobrazhenie_2024-02-20_085221189.png
Түнгі сағат екілер шамасында Бостандық ауданындағы 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенді. Төтенше жағдай орын алған жерге қалалық ТЖД қызметкерлері дереу жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр болды. «Өрт сөндірушілер құтқару қақпағын пайдаланып 2 адамды аман алып қалды, 15 азамат эвакуацияланды. Сағат 02:39-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ», - делінген хабарламада. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

 
Comments
Other materials