Қазақстан Азаптауға қарсы комитетке Қаңтар оқиғасы жайлы есеп береді

1930
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/izobrazhenie_2024-02-20_184032052.png
Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы төрағасының орынбасары Роза Ақылбекова Қаңтар оқиғасына қатысты есеп берілетінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Құқық қорғаушының айтуынша, 12 мамырға дейін Қазақстан БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетіне бірінші кезекте Қаңтар оқиғасына қатысты шұғыл ұсыныстар туралы ақпарат беруі керек. «Мұнда қанша адамның зардап шеккені туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, әрине жабық мекемелердегі өлім-жітім туралы ақпарат айтылады және Қазақстан оны қалай зерттегені туралы айтады», – деді. Ақылбекова Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросы кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, оның айтуынша, ҚР Қорғаныс министрлігі осы мерзімге дейін әскерге шақырылғандардың өлімі туралы ақпаратты дайындауы керек.
Comments