Алматыдағы балабақшада баланы аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

2154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/img_0705.jpeg
Алматыдағы балабақшалардың бірінде бірнеше бүлдіршін қатарласын соққыға жыққан. Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қалалық білім бөлімі оқиғаның 51 бөбекжай-балабақшасында болғанын мәлімдеді. «Оқиға кезінде тәрбиеші басқа бөлмеде болған. Ол балаларға түскі ас алып жатқан. Сондықтан балалардың мінез-құлқын бақылай алмаған. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен оған қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды»,—делінген хабарламада. Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.
Comments