Батыс Қазақстан облысында мүлікті бөліскісі келмеген әйелдің күйеуін өлтіруге киллер жалдағаны айтылды. Жедел іс-шаралар барысында полиция тапсырыспен кісі өлтіруді тоқтатты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен екі тұрғын ұсталды. Қылмысқа тапсырыс беруші күйеуімен мүлікті бөліскісі келмейтін әйел екені анықталды»,— делінген хабарламада.
Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген.
Қазіргі таңда қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Related news
Deprivation of the source of life. The Kyrgyz side said that they had no water and they burst out of their minds