Астанада қалың өрттен 30-дан астам адам құтқарылды

2023
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/img_9929.png
Астана қаласында өрттен 30-дан астам адам құтқарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. «Бүгін сағат 18.38-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар бөлімшесіне Нәжімиденов 39 мекен-жайындағы пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті», - делінген хабарламада. Аталмыш мекен-жайдан қатты түтін шыққаны атап өтілді. 2 наурыз күні сағат 19.30-ға дейін 38 адам эвакуацияланды, оның 15-і балалар. Өртті сөндіруге астаналық төтенше жағдайлар департаментінен 29 адам мен 8 техника жұмылдырылды.
Comments