Қазақстанда халық саны қаншаға өскені белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Ұлттық статистикалық бюросы 1 қаңтар мен 1 ақпан аралығындағы халық саны туралы ақпарат берді.
1 қаңтардағы статистикаға сәйкес елімізде 20 053 665 адам тұрады. Ал бір ай ішінде қазақстандықтар саны 20 119 адамға өскен.
Ең көп халық Алматы қаласында тіркелген. Қазір мегаполисте 2 234 963 адам тұрады.
Ал екінші орында - Түркістан облысы. Ол жақта 2 142 058 адам және Алматы облысында 1 532 985 халық тіркелген.
Қазақстандағы миллионнан аса халқы бар қалалар мен облыстарға бас қалада 1 437 645 адам тұрса, үшінші мегаполис Шымкентте 1 222 055 адам тіркелген. Жамбылда - 1 222 618 адам және Қарағанды облысында 1 135 048 халық өмір сүреді.
Қаңтардағы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 20 033 546 адамды тұрған.
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis