Алматыда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті сирена қосты.
“4 наурыз күні сағат 11:22-де Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі өңделуде. Жер сілкінісінің ошағы туралы ақпарат нақтылануда”, делінген ТЖМ хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан 31 шақырым жерде болды. Магнитудасы - 6.1 балл.Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
