Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Ол Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды.
"Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды", - делінген хабарламада.Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы болған. Ол бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктің жеңімпазы, сонымен қатар еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.
Related news
More than 960 millions tenge were allocated for the purchase of disaster relief equipment in the WKR
