"Пара алды". Түркістанда лауазымды тұлғалар күдікке ілінді

2649
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/kisen-960x500.jpg?token=1a3cc6ffea18ae3bfe2d1f7eefdc726b
Түркістан облысында лауазымды тұлғаларға қатысты сот тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің "Қазығұрт" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі баспасөз қызметі күдікке ілінген азаматтардың жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан ақша алуы мүмкін екенін айтады. Алынған қаражат көлемі 50-ден 200 мың теңгеге дейін деген ақпарат тарауда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес әзірге өзге ақпарат жарияланбады.
Comments